17 желтоқсан күні «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында заңгер «Сыбайлас жемқорлық — қоғам мен ел болашағына төнген қауіп» тақырыбында Лисаков техникалық колледжінің студенттерімен дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның пайда болу себептері мен салдары, сондай-ақ әрбір азаматтың құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайтудағы рөлі талқыланды. Студенттер пікір алмасуға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.



