1
Лисаков техникалық колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  insta  Facebook 2005 2012 youtube

 Лисаков техникалық колледжінің 55 жылдығына арналған «Желтоқсан оқулары - 2025: құндылықтар, инновациялар және Жұмысшы мамандықтары жылындағы жастардың кәсіби өзіндік айқындалуы» халықаралық қатысумен өтетін XV аймақтық ғылыми-практикалық конференция
2025 жылғы 19 желтоқсанда Лисаков техникалық колледжінде колледжінің 55 жылдығына арналған «Желтоқсан оқулары - 2025: құндылықтар, инновациялар және Жұмысшы мамандықтары жылындағы жастардың кәсіби өзіндік айқындалуы» халықаралық қатысумен өтетін XV аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция мақсаты: оқушылар мен студенттердің ғылыми, жобалық және инновациялық әлеуетін дамытуға, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, патриоттық құндылықтарды дарытуға, кәсіби өзін-өзі анықтау мен болашаққа қажетті құзыреттерін қалыптастыруға, сондай-ақ педагогтар мен сарапшылар арасында озық педагогикалық және білім беру тәжірибесін алмасуға арналған тұғырнама құру.
Конференция Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіледі және жастардың зияткерлік, азаматтық және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіліп, білім алушылар арасында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік, еңбекке құрмет және белсенді азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарды қалыптастыруды мақсат етеді. Конференция мектеп оқушыларының, колледж студенттерінің, педагогтердің және жас зерттеушілердің зерттеу, жобалық және ғылыми-талдамалық қызметін қолдауға және дамытуға бағытталған жыл сайын өткізілетін білім беру және ғылыми іс-шара болып табылады.
Конференцияда қалалардан келген білім алушылар өздерінің шығармашылық идеяларын ұсынады:
• Балқаш қ., Щучинск қ., Алматы қ., Қостанай қ., Қарағанды қ., Жітіқара қ., Лисаков қ., Рудный қ., Арқалық қ. (Қазақстан Республикасы);
• Орынбор қ., Челябинск қ., Златоуст қ. (Ресей Федерациясы).
Конференция аясында келесі секциялар жұмысы ұйымдастырылады:
1-ші секция «Қазіргі жас ұрпақтың құндылықтары: дәстүр, патриотизм, азаматтық позиция»,
2-ші секция «Жастардың инновациялық әлеуеті: креативтілік, жобалар, стартаптар»,
3-ші секция «Кәсіби өзін-өзі анықтау: таңдау жолы және даму перспективалары»,
4-ші секция «Әлеуметтік белсенділік және волонтерлік қозғалыс – жеке тұлғаның өсу ресурсы»,
5-ші секция «Жастардың цифрлық мәдениеті және медиаграмоттылығы»,
6-шы секция «Оқу-әдістемелік кеңес (ОӘК) отырысының қорытындысы бойынша ұсынылған оқу-әдістемелік материалдар немесе авторлық бағдарламалар негізінде тәжірибені тарату».
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

2025 12 17 19.08.46 3789641786319355203 48637346518