2025 - 2026 оқу жылына арналған талапкер күнтізбесі
«Бірге таңдаймыз - бірге табысқа жетеміз!»
Құрметті ата-аналар мен талапкерлер!
Колледжге түсу - әрбір мектеп бітірушінің өміріндегі маңызды әрі жауапты кезең. Бұл жолдан сәтті өтуге көмектесу мақсатында біз Лисаков техникалық колледжіне оқуға қабылдаудың барлық негізгі кезеңдерін қамтитын талапкер күнтізбесін дайындадық:
- құжаттарды тапсыру мерзімдері,
- әңгімелесу өткізу (жұмысшы біліктіліктері үшін),
- конкурс нәтижелерін жариялау (орта буын мамандығына түсушілер үшін),
- басқа да маңызды күндер.
Күнтізбемен таныса отырып, колледжге түсу процесінде дер кезінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік аласыздар.
Толық ақпаратты Лисаков техникалық колледжінің қабылдау комиссиясынан алуға болады:
Жұмыс уақыты: күн сайын (жексенбіден басқа) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліспен 13:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі күні қабылдау комиссиясы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мекенжайы: Лисаков қ., 6-шағын аудан, 56-үй.
Телефондар: 8 (71433) 3-37-11, 8 (71433) 3-28-01
Веб-сайт: ltk.edu.kz («Талапкер» бөлімі)
E-mail:
Қабылдау комиссиясы сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге және әр кезеңде қолдау көрсетуге дайын.
Сәттілік пен табысты қабылдау тілейміз!
Құрметпен, қабылдау комиссиясының
төрайымы – колледж директоры
Кайпбаева Жулдыз Шамильевна