1
Лисаков техникалық колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  insta  Facebook 2005 2012 youtube

2kz

«Мен жұмысшы мамандықты таңдаймын» атты республикалық онлайн-байқау

2025 жылғы 16 шілде мен 20 тамыз аралығында «Мен жұмысшы мамандықты таңдаймын» атты республикалық онлайн-байқау өтеді.

Бұл - өзіңді танытып, жұмысшы мамандығы - бұл мақтаныш, саналы таңдау және табысты болашаққа бастар жол екенін көрсетудің тамаша мүмкіндігі!

Кім қатыса алады:

  • Колледжге түсуші талапкерлер (9 және 11 сынып түлектері),
  • Колледждің 1-курс студенттері.

Қалай қатысу керек?

1. 30-60 секундтық қысқа бейнеролик түсір, онда:

  • Қай жұмысшы мамандығын таңдағаныңды айт,
  • Бұл таңдауды не үшін жасадың,
  • Бұл мамандықта сені не шабыттандырады,
  • Осы мамандық арқылы қандай мақсаттарға жеткің келеді.

2️. Бейнеңді әлеуметтік желіге салып, мына хэштегті қолдан:

#МенЖұмысшыМамандығынТаңдаймын

#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025

3️. Ұйымдастырушыларды белгіле:

Instagram: @godrp.tipo

TikTok: @mamanfest.kz

Бейнероликке қойылатын талаптар:

  • Ұзақтығы: 30–60 секунд,
  • Тік формат (9:16), HD сапа (кемінде 1080x1920),
  • Тілі: қазақша немесе орысша,
  • Форматы: MP4 немесе MOV.
  • Міндетті түрде бейнеде немесе титрда:

- Таңдаған мамандығың,

- Атың, қалаң немесе колледжің,

- 2025 Жұмысшы мамандықтар жылының логотипі.

  • Таза дыбыс, субтитр болуы құпталады.

Байқау номинациялары:

1. Мамандық мақтанышы

2. Мен - болашақ маманмын

3. Креативті көзқарас

4. Әлемді өзгертетін мамандық

5. Менің жолым — менің таңдауым

Жеңімпаздар алғыс хаттар мен Жұмысшы мамандықтар жылының символикасы бар имидждік өнімдермен марапатталады.

Ең үздік видео:

- ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілерінде жарияланады,

- колледждердің ішкі экрандары мен мониторларында көрсетіледі.

Неге қатысу керек?

- Өз мамандығыңның беделін арттыр,

- Өзің туралы бүкіл елге айтып бер,

- Жұмысшы мамандықтар жылының бір бөлшегіне айнал.

Видеоны 2025 жылғы 20 тамызға дейін тапсыруға үлгер!

Өзіңнің таңдауыңды көрсет - жұмысшы мамандығы дегеніміз - бұл мақсатқа ұмтылған, мықты жастардың таңдауы!

Құрметпен, қабылдау комиссиясының

төрайымы – колледж директоры

Кайпбаева Жулдыз Шамильевна

Қазір 209 guests және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр