Тарихы мен болашағы бар колледж
Құрметті ата-аналар мен 9-сынып түлектері!
Егер балаңыз үшін тұрақты болашақ пен жұмысқа орналасуға кепілдік беретін мамандық іздесеңіздер, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК-на назар аударыңыздар. Бұл - 55 жылдан астам тарихы бар, заманауи оқу орны, сұранысқа ие бағыттар бойынша білікті мамандар даярлайды.
1970 жылдың қазан айында «Лисаковскрудстрой» тресі мен Лисаковск кенті әкімшілігінің сұранысы бойынша құрылыс мамандықтары бойынша білікті жұмысшыларды даярлау үшін №178 кәсіптік-техникалық училище (ГПТУ-178) ашылды.
12 тамыз 1970 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің бұйрығына сәйкес, Лисаковск кентінде 250 адамдық оқу жоспары бойынша құрылыс мамандықтары бойынша жұмысшылар даярлайтын училище ұйымдастырылды. Оқу мерзімі: 1-2 жыл.
1976-1977 оқу жылынан бастап училище тек треске ғана емес, Лисаковск тау-кен байыту комбинат (ЛГОК) кәсіпорнына да жұмысшылар даярлауды бастады. ЛГОК-та Қазақ КСР ауыр индустрия кәсіпорындарын салу министрлігіне училище базасында тау-кен мамандықтары бойынша мамандар даярлауға рұқсат беру туралы өтініш білдірді. Электрслесарьлар, тау-кен жабдықтарын жөндейтін слесарьлар, тау-кен жабдықтарының машинистері, насос қондырғыларының машинистері дайындалатын топтар құрылды. Бірнеше жылдан кейін токарьлар мен азық-түлік сатушыларына да сұраныс түсті. Осылайша жас Лисаковск қаласында ГПТУ-178 жоғары білікті жұмысшылармен қаланы қамтамасыз ету миссиясын бастады.
1986 жылы училище СПТУ-15 болып өзгертілді.
1996 жылы 4 маусымдағы № 312 Қостанай облысы Білім департаментінің бұйрығына сәйкес, №15 орта кәсіптік-техникалық училище қайта ұйымдастырылып, «Лисаков аймақтық колледжі» мәртебесіне ие болды.
1997 жылы 28 шілдедегі № 154 Қостанай облысы Білім департаментінің бұйрығымен колледж «Лисаков техникалық колледжі» болып қайта аталды.
2012 жылдың шілдесінен бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мәртебесіне ие және «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі берген № KZ35LAM00000830 мемлекеттік лицензиясы бар (21.02.2025 ж.).
Қазіргі таңда Лисаков техникалық колледжі - бұл техникалық және кәсіптік білім беретін, көпсалалы әрі көпқызметті, қала мен облыс кәсіпорындарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ететін заманауи оқу орны.
Колледждің миссиясы - кәсіпорын-серіктестермен корпоративтік ынтымақтастық негізінде сапалы кәсіптік білім беруді қамтамасыз ететін инновациялық білім беру ортасын құру; еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, кәсіби құзыретті тұлға қалыптастыру.
Мақсаты - қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұлғаны жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және оқыту.
Колледж стратегиясы - индустриялық-инновациялық даму талаптарына жауап беретін, жоғары білікті инженер-педагогикалық құрам мен жоғары технологиялық материалдық-техникалық базасы бар оқу орнын жаңғыртуға бағытталған.
Колледжде техникалық, технологиялық, экономикалық, ақпараттық және сервис бағыттары бойынша 16 мамандық бойынша мамандар даярланады.
- 03220200 Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану 3W03220201 Офис – менеджер,
- 04110100 Есеп және аудит 4S04110102 Бухгалтер,
- 04140100 Маркетинг (салалар бойынша) 3W04140101 Сатушы, 4S04140103 Маркетолог,
- 04210100 Құқықтану 4S04210101 Заңгер,
- 05320200 Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың технологиясы мен техникасы 3W05320202 Бұрғылау қондырғысының машинисі,
- 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы,
- 07110400 Зертханалық технология 3W07110402 Химиялық талдау зертханашысы,
- 07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша) 3W07130101Электромонтер (түрлері және салалары бойынша),
- 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) 4S07130704 Техник – электромеханик,
- 07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) 4S07140102Техник-электромеханик,
- 07150300 Токарлық іс (түрлері бойынша) 3W07150301Токарь,
- 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 3W07150501 Электргазымен дәнекерлеуші, 4S07150502 Техник-механик,
- 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 3W07161301 Автомобиль жөндеу слесарі, 4S07161304 Техник-механик,
- 07221400 Жиһаз өндірісі 3W07221403 Жиһаз жинақтаушы,
- 07240300 Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу 3W07240301 Экскаватор машинисі,
- 4S07240303 Техник-технолог 07240500 Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту),
- 4S07240503 Техник-технолог 07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану,
- 3W07320105 Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері 4S07320106 Техник-құрылысшы,
- 10130300Тамақтандыруды ұйымдастыру3W10130302Аспазшы.
Колледждің материалдық-техникалық базасы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 34 оқу кабинетін, 11 арнайы зертхананы және 5 өндірістік шеберхананы қамтиды. Колледж базасында келесі ресурстар жұмыс істейді:
- VR-зертханасы «Цифрлық технопарк»;
- Электротехника, химиялық талдау, автоматика және телемеханика зертханалары;
- Металл өңдеу және дәнекерлеу бойынша заманауи шеберханалар;
- WorldSkills құзыреттілік орталығы;
- Электрондық базасы бар кітапхана және оқу залы.
Колледжде WorldSkills стандарттары белсенді түрде енгізілуде. Ішкі және өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаттары өткізіледі, ал қорытынды аттестаттау WorldSkills стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихан форматында өтеді. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері халықаралық сертификаттаудан өткен, ал студенттер салалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болуда.
Дуалды оқыту жүйесіне ерекше назар аударылады - студенттер келесі серіктес кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді:
- «Алюминий Казахстана» Акционерлік қоғамы филиалы- Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы (КБКБ),
- «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССГПО),
- «Варваринское» АҚ,
- Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» өндірістік-шаруашылық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,
- «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Лисаков филиалы,
- «Fort Motors» ЖШС,
- «Жиһаз» ЖШС,
- «Металлон-2014» ЖШС және басқа да кәсіпорындар.
Колледж - бұл тек сапалы білім ғана емес, сонымен қатар белсенді студенттік өмір. Мұнда келесі үйірмелер мен клубтар жұмыс істейді: «JAS SARBAZ», «Саналы ұрпақ», «Саламатты жастар», «Отбасы психологиясы», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» және т.б.
Колледжде жайлы жатақхана, асхана, акт залы, спорт және тренажер залдары бар. Студенттер тегін тамақпен, шәкіртақымен қамтамасыз етілген және «Серпін» бағдарламасына қатыса алады.
Қабылдау eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады, мемлекеттік тапсырыс негізінде, емтихансыз: орта буын мамандары үшін аттестаттар конкурсы арқылы, ал жұмысшы кадрларды даярлау біліктілігі үшін әңгімелесу негізінде қабылданады, квоталар қарастырылған.
Лисаков техникалық колледжі - бұл мықтылардың, сенімділер мен мақсат қойып әрекет ететін жастардың таңдауы!Келіңіздер - бізбен бірге өз кәсіби болашағыңызды құрыңыздар!
Құрметпен, қабылдау комиссиясының
төрайымы – колледж директоры
Кайпбаева Жулдыз Шамильевна