Талапкерлердің ата-анасына арналған кеңестер
Құрметті ата-аналар!
Сіздер балаңыздың өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірінде - мамандық пен білім беру жолын таңдауда оның жанындасыздар. Бұл үдерісте отбасының қолдауы ерекше маңызды рөл атқарады. Төменде балаңыздың оқу орнына түсу кезеңінде сенімді тірек болуға көмектесетін бірнеше кеңес берілген:
1. Қолдау көрсетіңіз, бірақ қысым жасамаңыз
Балаңызға болашағына қатысты шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Оның таңдауына сенетініңізді көрсетіңіз және қажет болған жағдайда әрдайым жанында болатыныңызды ұмытпаңыз.
2. «Мен жақсырақ білемін» деген сөздерден аулақ болыңыз
Өз армандарыңызды немесе іске аспаған үміттеріңізді балаға телімеңіз. Мамандық - баланың қызығушылығы мен қабілетіне, мінезіне сай болуы керек, тек ата-ананың күткеніне емес.
3. Жасөспірімнің қалауына құлақ түріңіз
Онымен қандай пәндер оңай берілетінін, не қызықтыратынын, қандай іспен айналысқанда ләззат алатынын бірге талқылаңыз. Бірге кәсіби бағдар тестілерін өтіңіз - бұл пайдалы диалогқа себеп бола алады.
4. Есею қарқынын құрметтеңіз
Кейбір жасөспірімдер өз жолын нақты біледі, ал басқалары әлі ізденіс үстінде. Уақыт беріңіз. Ең бастысы - асығыс емес, саналы таңдау жасауға жағдай туғызу.
5. Стресске қарсы күресуге көмектесіңіз
Оқуға түсу үреймен байланысты болуы мүмкін. Балаңызды жігерлендіріңіз, тек нәтижеге емес, оның күш-жігеріне де мақтау айтыңыз. Күн тәртібін, дұрыс тамақтануды және демалуды ұмытпаңыз - мұның барлығы психоэмоционалдық жағдайға әсер етеді.
6. Таңдау нұсқаларын бірге зерттеңіз
Бірге Лисаков техникалық колледжіне барыңыз, қабылдау комиссиясының сайтындағы https://ltk.edu.kz/ - «Талапкерге» бөлімін қараңыз. Ақпараттылық үрейді азайтып, сенімді шешім қабылдауға көмектеседі.
7. Сеніңіз, бірақ бақылаңыз
Егер балаңыз өз бетімен таңдау жасаса - сенім білдіріңіз. Бірақ сонымен қатар мамандықтың болашағын, оқу шарттарын, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін бірге бағалаңыз.
Есіңізде болсын:дұрыс стратегия - бала үшін таңдау жасау емес, бірге таңдау жасауға көмектесу.Сенімді, сабырлы және түсінігі мол ата-ананың жанында жасөспірім өз мақсатына сенімді қадаммен жетеді.
Құрметпен, қабылдау комиссиясының
төрайымы – колледж директоры
Кайпбаева Жулдыз Шамильевна