1
Лисаков техникалық колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  insta  Facebook 2005 2012 youtube

2025 жылғы 10 сәуірде Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Лисаков техникалық колледжінің студенттерімен Жалпы декларация бойынша кездесу өткізілді.

Келесі тұлғалар 2024 жылға арналған 270.00 нысанындағы табыс пен мүлік туралы декларацияны тапсыруға міндетті:

1. Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары.

2. жеке практикамен айналысатын адамдар

3. шетелде мүлкі бар тұлғалар

4. дара кәсiпкердiң табыстарын қоспағанда, дербес салық салынатын табыс алған тұлғалар

5. шетел банктерінде 1000 АЕК (3 692 000 теңге) асатын ақшасы бар тұлғалар

270.00 нысандағы табыс пен мүлік туралы декларация тұрғылықты жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады, яғни 2024 жылға арналған соңғы мерзім 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін. Азамат, Kaspi.kz, Halyk, «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz)

34