1
Лисаков техникалық колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  insta  Facebook 2005 2012 youtube

Бүгін Лисаков техникалық колледжінде «Қазақстан алюминийі» АҚ жоғары басшылығының, атап айтқанда Бас директор Красноярский Владимир Николаевич пен «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – Краснооктябрь боксит кен орны басқармасының директоры Нұрмаған Манарбек Рахымұлының табысты сапары өтті. Бұл кездесу колледжіміздің дамуы мен әлеуметтік әріптестікті нығайтуда маңызды кезеңге айналды.

Сапардың негізгі нәтижелері:

- Академиялық ұтқырлық аясында студенттерді кен өндірудің барлық кезеңдерінде циклдық оқыту туралы шешім қабылданды — бұл біздің үздік студенттер АО «Қазақстан алюминийі» кәсіпорындарында тәжірибеден өтіп, өндірістің әр сатысымен танысады деген сөз.

- Еңбек қауіпсіздігі мен түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша құнды ұсыныстар алдық. Бұл білім беру бағдарламаларын КБКО (КБРУ) сұранысына барынша бейімдеуге мүмкіндік береді.

- Басты әлеуметтік серіктесіміз – КБКО (КБРУ) сұранысына нақты бағытталған кадрлар даярлау жүйесін құру маңыздылығы атап өтілді.

Қонақтарға колледждің материалдық-техникалық базасы мен ERG компаниясымен көпжылдық серіктестік нәтижелері таныстырылды.

2022 жылдан бастап Лисаков техникалық колледжі – ERG колледждер Альянсының мүшесі.

2023–2025 жылдары аралығында ERG, «Қазақстан алюминийі» АҚ және КБКО (КБРУ) тарапынан колледжге елеулі материалдық қолдау көрсетілді: заманауи кабинеттер, Құзыреттіліктердің орталығы, VR-зертханалар, техника және арнайы киімдер сатып алынды.

«Қазақстан алюминийі» АҚ, КБКО (КБРУ) және ERG компаниясына жүйелі қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтамыз! Біз заманауи өндірістің талаптарына сай келетін болашақ мамандарды бірге даярлаймыз!

2025 04 30 01.15.04 3621647964017937235 486373465182025 04 30 01.15.04 3621647964026394695 486373465182025 04 30 01.15.04 3621647964085052338 486373465182025 04 30 01.15.04 3621647964303143523 486373465182025 04 30 01.15.04 3621647964303231404 486373465182025 04 30 01.37.02 3621659031527805187 486373465182025 04 30 01.37.02 3621659031527858426 486373465182025 04 30 01.37.02 3621659031653679685 486373465182025 04 30 01.37.02 3621659031653724036 48637346518