Құрметті талапкерлер!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» сәйкес, Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК жұмысшы біліктіліктері бойынша оқуға түсуші талапкерлермен сұхбат өткізіледі.
Сұхбаттасу мерзімі:2025 жылғы 26 - 27 тамыз күндері,колледждің оқу залында, бекітілген кесте бойынша өтеді.
Сұхбат келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- білім алуға деген мотивация,
- мектеп бағдарламасы бойынша базалық білім,
- таңдалған мамандықтың ерекшелігін түсіну,
- еңбек қауіпсіздігі ережелері.
Өзіңізбен бірге жеке куәлік немесе тұлғаны куәландыратын құжат болуы қажет.
Сұхбат нәтижелері 2025 жылғы 28 тамыздан кешіктірілмей колледждің ақпараттық тақтасында және ресми сайтында жарияланады: www.ltk.edu.kz
Біздің байланыс деректеріміз:
Мекенжайы: Лисаков қ., 6-ш / а., 56 д.
Телефондары: 8 (71433) 3-37-11, 8 (71433) 3-28-01
Веб-сайт: ltk.edu.kz
е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Құрметпен, қабылдау комиссиясының
төрайымы – колледж директоры
Кайпбаева Жулдыз Шамильевна